Әзербайжанмен баға белгілеу және құрылыстағы сметалық нормалау саласында тәжірибе алмасу
- Июль 12, 2024
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар
Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Халықаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары Зейналзаде Джавид Азер оглы бастаған делегациясы құрылыстағы баға белгілеу және сметалық нормалау саласындағы тәжірибе алмасу бойынша екі жақты кездесуге қатысты. Іс-шара «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылысты нормалау орталығы мамандарының, сондай-ақ ӘР ТЖМ құрылысындағы қауіпсіздікті қадағалау агенттігінің мемлекеттік сараптама мамандарының қатысуымен Астанада өтті.
Іс-шараның негізгі мақсатына тәжірибе алмасу ғана емес, ынтымақтастықтың болашақтағы бағыттарын айқындап, екі ел арасындағы байланыс мүмкіндіктері мен құрылыстағы баға белгілеу және сметалық нормалау саласында бірлескен жұмысты дамыту жолдарын әзірлеу болды.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылысты нормалау орталығының қызметкерлері шетелдік қонақтарға сметаларды бағалау, бағаларды қалыптастыру, түрлі әдістемелерді қолдану, регламенттеуші құжаттарды жасау және құрылыс жобаларын орындаудағы жергілікті тәжірибені таныстырды.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековпен кездесу өтті. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында «Мемсараптама» РМК және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басшыларымен және мамандарымен кездесулер жоспарланған.
Делегаттардың «MetalFormer» ЖШС (алюминий профильдері мен қасбеттік материалдар өндірісі), «ModeX Astana» ЖШС (темірбетон конструкцияларын өндіру) және «АВЕРС» құрылыс материалдары зауыты сияқты құрылыс ресурстарын өндіретін зауыттарға арнайы баруы қарастырылған.