"ҚазҚСҒЗИ" АҚ және "PMI жобалық менеджерлер қауымдастығы" ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
- Май 17, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар

Алматы қаласында «Project Professionals Summit 2024» форумы басталды. Бұл ірі тапсырыс берушілер, мемлекеттік мекемелер, қаржы институттарының өкілдері және басқа да Қазақстанның құрылыс саласындағы жетекшілері арасындағы ашық алаң.
Іс-шара барысында талқыланған тақырыптар:
– Құрылысты басқару, жобаларды басқарудың жергілікті және халықаралық тәжірибесі;
– Қазақстан құрылысының сауда және өнеркәсіп саласындағы жаңа жобалары жайлы ақпарат алмасу;
– Құрылыс секторын жергілікті қамтамасыз ету үшін отандық тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранысты арттыру мәселелері.
– Форум барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев және «PMI жобалық менеджерлер қауымдастығы» президенті Азамат Тоиымбетов бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«PMI Жобалық менеджерлер Қауымдастығының» қызметі мен мақсаты – Қазақстандағы жобаларды басқарудың сапасы мен ауқымын арттыруға үлес қосу.