ҚазҚСҒЗИ мамандары ғимараттар мен іргетастардың жағдайын бақылау бойынша Сочиде өткен халықаралық конференцияға қатысты
- Май 15, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
«ҚСҒЗИ» АҚ мамандары Сочи қаласында (Ресей) өткен «Ғимараттар мен іргетастардың жағдайын бақылау: диагностика, бағалау және болжам жасау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі - инженерлік құрылымдар мен жүйелерді бақылаушы мамандар,инженер- геофизик, есептеу инженерлері, жобалау ұйымдарының мамандары арасында тәжірибе алмасу болды.
Конференция аясында үш тақырыптық бағыт бойынша жұмыс атқарылды:
– Ғимараттар мен іргетастардың есептік және жабдықтық жағдайын бағалау. Құрылыс жағдайларын болжау, ресурстарды талдау және бағалау;
– Қолданбалы геофизика. Инженерлік ғимараттар мен іргетастарды/сыйымды массивтерді бұзбай бақылау әдістері;
– Экологиялық мониторинг жүйелері мен экологиялық бақылау бағдарламаларын ұйымдастырудың теориясы мен тәжірбиесі.
Қатысушылар үшін «Бірегей құрлыстарды пайдалануға берудегі ғылыми-техникалық сүйемелдеу. Жұмыс істеп тұрған объектілердің механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бір күндік семинары өткізілді
Іс-шара барысында сейсмобарлау, электробарлау, георадиолокация бойынша жаңартылған геофизикалық жабдықтар мен далалық көрсету құралдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, ресми кездесу барысында институт мамандары өндірістік технологиялармен және озық идеялармен танысты.
Қазіргі таңда сейсмикалық аудандарда тау баурайлары мен тіреуші қабырғаларды топырақтық кіші анкерлармен күшейтуді әзірлеу бойынша бірлескен ұсыныстар қарастырылуда.