Жеңіс күні құтты болсын!
- Май 8, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
Комментариев нет

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұжымы біздің барлық құрметті ардагерлерімізді, тыл еңбеккерлерін және Ұлы Отан соғысының батырларын, сондай-ақ Қазақстанның барлық азаматтарын Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Жыл сайын бұл күн ата-бабаларымыз танытқан қаһармандық пен қайсарлықты еске салады. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Жеңіс күні — еліміздің мұқалмас қажырлығы мен бірлігінің символы. Біз бірге кез-келген қиындықты жеңе аламыз және жүрегімізде, сондай-ақ жер бетінде бейбітшілікті сақтай аламыз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық және бақ-береке тілейміз!