ҚазҚСҒЗИ Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайтуда

2024 жылғы 2 мамырда Кореяның азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты мен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты құрылыс саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту, сейсмикаға төзімді ғимараттар мен құрылыстар, энергия үнемдейтін және энергия тиімді ғимараттар салу, конструкцияларды техникалық тексеру және қызмет көрсету және т. б. салаларда Корея мен Қазақстан арасындағы серіктестікті кеңейту болып табылады.

Ынтымақтастықтың бірінші кезеңінде Алматы қаласын төлқұжаттау шеңберінде ғимараттар мен құрылыстарға тексеру жүргізу бойынша Кореяның азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институтының мамандарын тарту жоспарлануда.

Анықтамалық:

              Кореяның азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты Оңтүстік Кореядағы ауыл және қала инфрақұрылымын дамыту, ақылды және сейсмикаға төзімді ғимараттар салу саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. 1948 жылы құрылған.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.