Астана қаласында «2024 жылы Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау» семинары өтті
- Апрель 1, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
Астана қаласында өткен семинарда «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы нормалау орталығының директоры Арман Хасен Қазақстан Республикасында құрылыстағы сметалық баға белгілеудің жай-күйіне шолу жасады.
Бұл іс-шараға елдің барлық өңірлерінен келген құрылыс, жобалау және сараптама ұйымдары, сондай-ақ құрылыс материалдарының өндірушілері қатысты
Оқыту бағдарламасының шеңберінде құрылыс құнын айқындаудағы негізгі жаңалықтар, «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау тәртібіндегі» өзгерістер және құрылыс құнының жиынтық сметалық есептеулерін қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды .
Сондай-ақ, «Құрылыстағы инвестициялық құрылыс жобаларын жоспарлау» тақырыбы ұсынылды.
Іс-шара соңында құрылыс жобасына және іске қосу-реттеу жұмыстарына кешенді сметалық құжаттаманы қалыптастыру бойынша қойылатын талаптардың мәселелері талқыланды.