«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері құрылыс саласындағы ашық стандарттар бойынша халықаралық саммитке қатысты.
- Март 19, 2024
- Опубликовано: admin
- Категория: Оқиғалар
Валенсияда (Испания) 12-15 наурыз аралығында өткен buildingSMART халықаралық саммиті аясында құрылыс объектілері туралы ақпаратты басқарудың өзекті мәселелері, BIM технологиясын мемлекеттік деңгейде қолдану, көміртегі ізін азайту үшін деректерді пайдаланудың маңыздылығы, сондай-ақ әуежайларды, теміржолдарды және су тазарту жүйелерін қоса алғанда, кешенді жүйелер үшін интеграциялау тілін әзірлеу қажеттілігі талқыланды.
Көптеген баяндамалардың ішінде ерекше назар модельдеуге емес, тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес деректерді басқаруға аударылды.
BSDD платформасына (buildingSMART ұйымы әзірлеген халықаралық стандартты деректер сөздігі) байланысты құрылыс материалдарының сипаттамаларын цифрландыруға арналған құралдар, сондай-ақ құрылыс үшін қолданбалы онтологияларды әзірлеу мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылғы 11 наурыздан бастап Қазақстан buildingSMART Kazakhstan құрылған чаптерінің қызметі шеңберінде buildingSMART бастамаларын дамытуға ресми түрде қатысады.
Анықтамалық: BSDD (BuildingSMART Data Dictionary) — бұл құрылыс саласындағы ақпарат алмасуды бірегейлендіруге және стандарттауға қызмет ететін buildingSMART ұйымы әзірлеген халықаралық стандартты деректер сөздігі. Бұл сөздік стандартталған терминдер мен анықтамаларды қолдана отырып, құрылыс материалдарының, өнімдерінің, процестерінің және технологияларының қасиеттерін сипаттайтын жалпы платформаны ұсынады. BSDD мақсаты құрылыстағы әртүрлі бағдарламалық қосымшалар мен платформалар арасындағы үйлесімділік пен өзара түсіністікті жеңілдету болып табылады, бұл нәтижесінде ақпаратты неғұрлым тиімді басқаруға және жұмыс процестерін оңтайландыруға әкеледі.