Алматыда жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша семинар өтті

Алматыда «Инженерлік ізденістер, сейсмикаға төзімді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары, қазақстандық және ресейлік кәсіпорындардың, Қазақстан мен Ресейдің ТЖМ өкілдері, сарапшылар және басқалар қатысты.

Бұл семинар алғаш рет Алматыда, ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығы тақырыбы өте өзекті қалада өткізілді. Іс-шара барысында сарапшылар маңызды мәселелермен бөлісіп, ғимараттардың апатты қирауын болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдануға болатын жаңа технологиялар мен материалдар туралы айтып берді.

ҚазҚСҒЗИ мамандары алғаш рет тәжірибелік алаңдарда топырақ-цемент бағандарының қасиеттерін зерттеген болатын. Сейсмикалық белсенділігі жоғары Қазақстан аудандарында әлсіз негіздердің көтергіштік қабілетін арттыру әдістері туралы өзекті мәселені сектор меңгерушісі Виталий Хомяков пен жас мамандар тобы көтерді.

Өз баяндамасында ол «ҚазҚСҒЗИ» - да орындалған тәжірибелік алаңдардағы топырақ-цемент бағандарының қасиеттерін табысты зерттеу туралы айтты. Бағдарламада жүргізілген есептеулердің арқасында мамандар топырақ-цемент бағандарын қатаң материалдармен нығайтудың тиімділігін растай алды.

Қатысушылардың назарын негіздер мен іргетастар зертханасының меңгерушісі Юсуф Ерменовтың баяндамасы аударды. Ол «Оңтүстік Қазақстанның сейсмикалық аудандарында тірек құрылыстарының сындарлы шешімдерін қолдану» тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында бұрыштық немесе якорь қабырғаларын тірек ретінде пайдалану беткейлердің жалпы тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын айтты.

Конструктивті шешімді таңдау және топырақтың кернеулі және деформацияланған күйін бағалау кезінде есептеуде қолданылатын топырақтың сапасы мен жағдайы ескеріледі. Айта кетейік, Қазақстан аумағының басым бөлігі механикалық қасиеттері әлсіз топырақтармен қалыптасқан, осыған байланысты ғимараттарды салу кезінде негіздерді күшейту бойынша іс-шаралар талап етіледі.

Семинар соңында тәуекелдерді басқару мәселелері қызу талқыланды, бірлескен іс-шаралардың барысы сөз болып, сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау бойынша шетелдік әріптестердің озық тәжірибесі зерделенді.

пікір қалдыру

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО “КазНИИСА” или отправьте заявку онлайн.

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.