Заң кеңесшісі

Біліктілік талаптар:

- "заңгер" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім,

-әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандары бар ұйымдарда (АҚ, ЖШС, БП және т.б.) кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі немесе орта кәсіптік білімі бар мамандармен алмастырылатын лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Құрылыс саласында жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымда жұмыс тәжірибесінің болуы басым болып табылады; әзірлеу және іскерлік хат алмасуды жүргізу.

- құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау дағдыларының болуы, талаптар мен талап-арыздарды құрастыра білу, шарттарды әзірлеу және іскерлік хат алмасуды жүргізу.

Міндеттері (талаптар):

  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады. Кәсіпорында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Шағым-талаптарды, соттық және төрелік істерді, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикаларын зерделейді, талдайды және түсіндіреді. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады. Құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларды, есеп айырысуларды, түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған басқа материалдарды уақтылы беруін бақылайды. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданылып жүрген немесе күшін жойған бұйрықтар мен басқа нормативтік актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар дайындайды. Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және толықтыру жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды. Кәсіпорынның қызметінен туындайтын құқықтық мәселелер, қайтаруға келіп түскен нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды, кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.

Білуге тиіс:

  • . Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдар, кәсіпорынның профилі, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, еңбек, қаржылық, салықтық және өзге де салалары, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжатты жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі, әкімшілендіру негізі, іскери байланыс этикасы, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды электрондық мекен-жайға тапсыруы қажет info@kazniisa.kz. info@kazniisa.kz.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар тізімін info@kazniisa.kz электронды мекен-жайға тапсыруы қажет

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  6. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  7. әскери есепке алуды растайтын құжаттың көшірмесі (тіркеу куәлігі немесе әскери билет);
  8. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 9. соттылықтың болуы / болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа 18 жасқа толған және бос лауазымдар үшін біліктілік талаптарына сай келетін барлық азаматтар қатыса алады.

Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;
  • конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
  • өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;
  • өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатын бос лауазымға орналасуға құқығы жоқ.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Место (офлайн, по месту нахождению г.Алматы, Ауэзовский район, 3 микрорайон, дом 44а) и формат (онлайн, посредством scype-конференции или WhatsApp)  проведения собеседования/интервью будет сообщено дополнительно.

 

Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.

Конкурсқа:

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдар;

  2. конкурстық іріктеу уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

  3. өзі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуы туралы көрінеу анық емес мәліметтер ұсынған адамдар қатыса алмайды;

  4. өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатын бос лауазымға орналасуға құқығы жоқ.

👥 Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

📋 Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік екі күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесу/сұхбат өткізу орны (офлайн, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 шағын аудан, 44а үй) және нысаны (онлайн, skype-конференция немесе WhatsApp арқылы) қосымша хабарланады.

✅ Конкурстық іріктеу нәтижелері үміткерлерге түйіндемеде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама немесе телефон байланысы арқылы хабарланады.

🕜 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.12.2025-12.12.2025 ж.ж., хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

☎️ Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 276 21 29

Біз сізге қалай көмектесе аламыз?

Свяжитесь с ближайшим офисом АО «КазНИИСА» или отправьте заявку онлайн.

🌙🌎☀️
Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты.

Кульбаев Бегман Бахитұлы
Кульбаев Бегман Бахитұлы
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз.