«ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс саласының жас мамандарына арналған оқыту бағдарламасын іске қосады
- Сентябрь 5, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар

Қыркүйек айынан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс саласындағы жас мамандарға арналған «Мамандыққа кіріспе. Мансап іргетасы» - атты бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.
Қыркүйек айынан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс саласындағы жас мамандарға арналған «Мамандыққа кіріспе. Мансап іргетасы» - атты бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.
Біз – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның жетекші сарапшы - оқытушылары әзірлеген, құрылыс және жобалау саласында кәсіби тәжірибесі мен терең білімі бар мамандар арнайы дайындаған бағдарламаны ұсынамыз.
Бұл курс құрылыс саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруды көздейді. Оқыту жас мамандарды нақты өндірістік үдерістерге жылдам тартудың, олардың сенімділігін арттырудың және тәлімгерлерге түсетін жауапкершілікті жеңілдетудің тиімді тәсілі болып табылады.
Негізгі жұмысқа кедергі келтірмеу мақсатында оқыту онлайн және оффлайн форматтарда өтеді
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
Оразбекова Найля Қапанқызы – Корпоративтік университет директоры
777 214 8308, эль.почта — orazbekova@kazniisa.kz
Сүгірбаева Жанет – әдіскер тел.: 8 747 147 76 66, эл. пошта: zhannet@kazniisa.kz zhannet@kazniisa.kz