Құрылысшылар күніне орай «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды
- Август 20, 2025
- Опубликовано: author
- Категория: Оқиғалар

Кәсіби мереке – Құрылысшылар күніне орай «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қызметкерлері адал еңбегі мен Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды
Орденом «Құрмет» орденімен:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Шоқбаров Ералы Мейрамбекұлы;
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Байтеміров Мұхан Назарұлы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Биік ғимараттардың сейсмотұрақтылығын зерттеу зертханасының меңгерушісі Омаров Жасұлан Аманжолұлы марапатталды.
«Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталғандар:
Алдахов Серік Жұмаханұлы — жер сілкіністерінің, табиғи апаттардың салдарын жүйелі талдау және сейсмикалық мониторинг зертханасының меңгерушісі
Кравченко Андрей Анатольевич — өндірістік ғимараттарды зерттеу және күшейту зертханасының меңгерушісі
Тулеев Тұрсынбай Дүйсембайұлы — қолданыстағы ғимараттардың сейсмотұрақтылығын зерттеу және бағалау зертханасының меңгерушісі
"Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен;
Мартьянова Женева Григорьевна — тас конструкциялардан тұрғызылған ғимараттардың сейсмотұрақтылығын зерттеу секторының жетекші инженері марапатталды.
«Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
Аманбаева Шолпан Ерсаинқызы — Астана филиалының құрылыс саласында сметалық баға белгілеу әдіснамасы секторының меңгерушісі
Мергенбаева Гүлнара Қанатбекқызы — жабдықтау және шығарылым секторының меңгерушісі
Майтыков Данияр Тоқтасынұлы — Шығыс Қазақстан филиалының бас инженері, бөлім бастығы
Мергенбаева Жанар Серікқызы — Астана филиалының құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс ресурстарына сметалық баға белгілеу бөлімі бас маманы
Бекежанова Диана Амангелдіқызы — Астана филиалының құрылыс ресурстарына сметалық баға белгілеу секторының меңгерушісі
«Алғыс хатпен» марапатталғандар:
Исмухамбетова Анара Қайырбекқызы — Астана филиалының нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу бөлімінің талдаушысы
Егімбаева Динара Әзімханқызы — Астана филиалының құрылыс ресурстарына сметалық баға белгілеу секторының жетекші маманы
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жоғары марапаттарыңыз – сіздердің кәсіби деңгейде үздік екендіктеріңізді айқындайды, еңбектеріңізге адал екендіктеріңізді көрсетеді және еліміздің құрылыс саласын дамытуға қосқан үлестеріңіздің айқын дәлелі.
Сіздерге мықты денсаулық, амандық және еңбекте толағай табыстар тілейміз!