Ғылыми Хатшы қызметі

Ғылыми Хатшы қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- елдің ғалымдары мен практиктерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының құрылыс салсында ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық зерттеулер жүргізу;

- инновациялық қызмет үшін, ғылыми зерттеулердің нәтижесінде алынған қолданбалы сипаттағы ғылыми-техникалық және технологиялық білімдерді тарату және іске асыру үшін жағдай жасау,

- серіктестер іздеу және кәсіпорындармен және ұйымдармен ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ ғылымды қажет ететін әзірлемелерді ішкі және шетелдік нарықтарға енгізуге жәрдемдесу; талдамалық зерттеулер; зерттеулер әдістерін және оларды қолдану технологияларын әзірлеу; ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу;

- ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысуға өтінімдерді даярлау;

- отандық нормаларды халықаралық нормалармен және стандарттармен үйлестіру мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларын қайта әзірлеу; ғимараттардың, құрылыстардың, конструкциялардың және құрылыс материалдарының эксперименталдық және теориялық зерттеулері; әдістемелік нұсқауларды, нұсқаулықтарды, құралдарды және басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу; ғимараттар мен құрылыстардың есептері және нәтижелердің талдаулары, жаңа конструктивтік шешімдерді әзірлеу;

- Техникалық Шарттар әзірлеу (нормативтік құжаттаманы дамыту үшін) және жобалау сатысында ғылыми-техникалық сүйемелдеу орындау;

- жобалау шешімдерін талдау және қорытындылар құру;

- ғимараттарды күшейту (қалпына келтіру) әдістерін әзірлеу және талдау;

- ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру саласында жобалау және құрылыс ұйымдарына, тірек конструкциялардың есебіне, құрылыс конструкцияларын күшейту және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге инжинирингтік қызметтер көрсету

- эксперименталдық-теориялық зерттеулер үшін бағдарламалық-аппараттық жасақтама құру.

 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ғылыми хатшысы 

Лапин Владимир Алексеевич, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық инженерлік академияның мүше-корреспонденті.

 

Байланыс жолдары:

Алматы қ., Солодовников көш. 21, 22-каб

тел/факс: 8 (727) 392-68-96 

е-mail.: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.