«ҚазҚСҒЗИ» АҚ еңбек ұжымының жалпы жиналысы

ҚазҚСҒЗИ құрылымында құрамы 2021 жылғы 9 сәуірде қызметкерлердің жалпы жиналысын өткізу арқылы өзгертілген еңбек мәселелері жөніндегі алқалы органдар жұмыс атқарады.

Жиналысқа ҚазҚСҒЗИ басқарушы директорлары, орталық директорлары, сондай-ақ қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін филиалдарының директорлары қатысты.

2021 жылғы 28 сәуірде ҚазҚСҒЗИ алқалық органдары мынадай құрамда ұсынылды:
Еңбек ұжымының кеңесі (ЕҰК) – еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара мүдделерді келісуді қамтамасыз ету үшін қоғам қызметкерлері уәкілеттік берген әлеуметтік әріптес:
ЕҰК төрағасы: Шоқбаров Ералы Мейрамбекұлы, өндіріс жөніндегі басқарушы директор;
ЕҰК мүшелері: Алдахов Е.С.; Бобылева С.А.; Исраилов К. К.; Омаров Ж.А.; Дюсембаева М.Т.; Егізеков Н.Л.
Келісу комиссиясы - жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан, әріптестік негізде құрылатын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі орган.

жұмыс берушіден:
1) Манамбаев Н.Б. – аппарат басшысы;
2) Аңсатбаева В.Д. – бас есепші;
3) Егізеков Н.Л. – құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бас заң кеңесшісі.

қызметкерлерден:
1) Шахнович А.Ю. - даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директор
2) Даукараев Е.Н. - үлгілік және жеке жобалау орталығының бас жобалаушы инженері
3) Жәкішев С.А. – сейсмикаға төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру орталығының болат-темірбетон контрукциялары секторының меңгерушісі.
Комиссия хатшысы: Ш.С. Алдамжарова Қоғамның құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің кадр мәселелері жөніндегі маманы.