Қазақстанның инженер-құрылысшылары BIM-ді халықаралық стандарттар бойынша оқитын болады

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ АҚ) Құрылыстағы инженер-кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығымен (ҚИКҰҚ, Ресей) Қазақстанда ҚазҚСҒЗИ базасында buildingSMART кәсіби сертификаттау бағдарламасы бойынша құрылыс саласының кадрларын даярлаудың алғашқы орталығын құру туралы келісім жасасты.

 Құрылатын орталық Қазақстанның инженер-жобалаушылары мен құрылысшыларына кейіннен емтихан тапсыру және бүкіл әлемде танылатын растаушы құжаттарды алу мүмкіндігімен құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларына әлемдік деңгейде оқудан өтуге мүмкіндік береді. Орталықтың сертификатталған түлектері buildingSMART International орталық ашық тізіліміне енгізіледі.

 «ҚазҚСҒЗИ институты бейіндік министрлікпен ҚР құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу (ҚОАМТ) бағдарламасының операторы болып тағайындалды. ҚОАМТ енгізу жоспары аясында қазақстандық мамандар халықаралық нарықта бәсекелес болуы үшін халықаралық ұйыммен шарт жасасу туралы шешім қабылданды. ҚазҚСҒЗИ институты buildingSMART International аккредитациясын алу үшін бірнеше параметрлер бойынша бағаланды: оқыту ұйымы ретінде тәжірибе мен мүмкіндіктердің, оқытушылар құрамының техникалық білімінің, оқытуды жүргізу үшін инфрақұрылымның болуы», - деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович.

 Бүгінгі таңда buildingSMART Intrernational халықаралық ұйымының бүкіл әлем бойынша 23 филиалы бар. Ресейлік buildingSMART бөлімшесі 2017 жылы Ресейдегі алғашқы құрылыстағы инженер-кеңес берушілерінің кәсіби бірлестігі - ҚИКҰҚ негізінде құрылды. ҚИКҰҚ  buildingSMART-тан басқа, Халықаралық инженер-кеңес берушілер федерациясының (FIDIC) толық құқықты мүшесі болып табылады.

 «2019 жылы ҚИКҰҚ пен ҚазҚСҒЗИ ұлттық және халықаралық білім беру, ғылыми және практикалық бағдарламалар мен жобалар саласындағы бірлескен жұмысты көздейтін ынтымақтастық туралы келісім жасасқан болатын. ҚазҚСҒЗИ базасында buildingSMART бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау орталығының ашылуы Қазақстанның құрылыс саласы мамандарының біліктілігін арттыру саласындағы маңызды қадам болып табылады», - деді ҚИКҰҚ атқарушы директоры Ольга Кубанская.

 Тиісті келісімге 2021 жылғы 21 сәуірде Сочи қаласында Ресей Құрылыс министрлігі мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп өнеркәсіп құрылысы саласында Ресей мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық интеграциясын кеңейту мақсатында өткізетін Халықаралық құрылыс чемпионаты шеңберінде қол қойылды.

 Оқу орталығында мамандарды даярлау үшін алғашқы қабылдау күні туралы бір ай ішінде хабарланады.