Мектептердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

  • Пятница, 26 апреля 2019 04:11
  • Written by 

Ералы Шоқбаров, техника ғылымдарының кандидаты, ҚазҚСҒЗИ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Қырғызстан мектептерінің қауіпсіздігіне арналған Бүкіләлемдік банк семинарына қатысады.

Семинар барысында, Шоқбаров қазақстандық мектептерді сейсмикалық күшейту саласындағы практикалық тәжірибесімен бөліседі.

Іс-шара "Қырғызстан мектептерінің қауіпсіздігі мен төзімділігін қалай қамтамасыз етуге болады" атты ғаламдық бағдарламасының шеңберінде өтеді.

Семинардың шеңберінде, білім беру инфрақұрылымының қауіпсіздігі саласындағы ең жаңа қағидаттар мен мектеп ғимараттарын сейсмикалық күшейту тәсілдері ұсынылатын болады.

Бүкіләлемдік банктен және Қолданбалы технологиялар бойынша кеңестен (АТС) келген халықаралық сарапшылар мектеп ғимараттарының алаңдық тексерулері кезінде жиналатын деректеріне егжей-тегжейлі шолуын ұсынады, сондай-ақ Қырғызстанның мектеп инфрақұрылымының ұлттық дерекқорын құру және жасау бойынша қадамдар ұсынылатын болады.

Read 481 times Last modified on Пятница, 26 апреля 2019 04:17