filter: grayscale(1);

Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия

Үкіметаралық қатынастарды нығайтудың және интеграциялық үдерістерге байланысты мәселелерді шешудің шеңберінде, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімімен техникалық реттеу саласында келісілген саясат жүргізу және құрылыс саласында бірыңғай нормативтік база құру мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымы құрылды.

ТМД қатысушы мемлекеттеріндегі ақпараттық модельдеу саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту аясында келісілген үкіметаралық саясатты пысықтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымының 2018 жылы 8 маусымда Душанбе қаласында өткен құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша үшінші отырысында құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі кіші комиссия құру туралы шешім қабылданды. ​

Кіші комиссияның деректерді іргелес салалармен біріктіру бойынша міндеттерінің көбеюіне, мемлекетаралық деңгейде шешімдер қабылдау үшін сараптамалық негізді қалыптастыру қажеттілігіне байланысты, Кіші комиссияны Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияға жаңарту туралы шешім қабылданды.

2018 жылдың 15-16 тамызында ТМД қатысушы мемлекеттерінің құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологияларын қолданудың әдістемелік аспектілері бойынша кіші комиссияның мәжілісі өткен болатын.


Комиссияның бірінші отырысы

Алматы қ., 15-16 тамыз 2018 ж.

 

Комиссияның бірінші отырысының материалдары


Комиссияның кеңейтілген отырысы

Мәскеу қ., 16 қазан 2018 ж.

  • Комиссияның кеңейтілген отырысының қарары

  • Комиссияның кеңейтілген отырысын өткізу туралы есеп беру


Комиссияның үшінші отырысы

Мәскеу қ., 12 наурыз 2019 ж.

  • Комиссияның үшінші отырысының қарары

  • Комиссияның үшінші отырысын өткізу туралы есеп беру


Комиссияның төртінші отырысы

Минск қ., 16 мамыр 2019 қ.

  • Комиссияның төртінші отырысының қарары