filter: grayscale(1);

Оқыту курстары, семинарлар, тренингтер

ҚР ЕЖ EN Еурокодтарға барабар әдістеме бойынша ҚР құрылыс саласы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының нормативтік  базасын қайта қалыптастыру жөніндегі Тұжырымдамаға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1509 Қаулысымен бекітілген)  сәйкес  2015 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында қолданыстағы және жаңа нормативтік базалардың «қатар өмір сүру» кезеңі көзделген. Өтпелі кезең жаңа нормаларды енгізу кезінде қолданылатын шетел елдерінің тәжірибесіне барабар қабылданды.  Бұл мамандар қолданыстағы нормалар бойынша орындалатын жұмыстарды тоқтатпаусыз меңгеруі және жаңа нормаларға, оның ішінде  ауыртпалықсыз меңгеруі және көшуге жағдай жасау үшін жасалады.  

Тұжырымдаманың маңызды бағыттарының бірі инженерлік-техникалық қызметкерлерін және сәулет-құрылыс бағдары бойынша білім алу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын Еурокодтарға барабар, ұлттық қосымшаларымен және есептердің мысалдары бар түсіндіруші нормативтік-техникалық құралдармен (НТҚ) ҚР ЕЖ EN 1990-1999 әдісі бойынша оқыту болып табылады. Осыған байланысты, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2015 жылдан бастап құрылыс саласының мамандарын жүйелі оқытуды жүргізеді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ жетекші мамандарымен мына мамандар категорияларына оқу жоспарлары құрылды: жобалаушылар, сарапшылар, МӘҚБ қызметкерлері, сызықтық қызметкер (құрылыс-монтаждау жұмыстары) және білім алу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы.

Сабақ «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғимаратында да, тапсырыс берушінің аумағында да өткізіле алады.

Оқу жоспарларымен және барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Біліктілікті арттыру орталығында мына телефондар арқылы 8 (727) 392 74 66 немесе  Алматы қ., Солодовников көш., 21 (Қ. Сәтбаев көш. және Ю. Гагарин көш. ауданы), № 26 каб. танысуға болады.

Жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдарының мамандарын, сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласында айналысатын мемлекеттік қызметкерлерді, сондай-ақ  білім алу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын біліктілікті арттыру және жаңа нормативтік-техниалық базаны меңгеру мақсатымен оқудан өтуге шақырамыз.

2015 жылдан бастап Еурокодтарға барабар ҚР ҚН EN жаңа нормативтік-техникалық базасының «қатар өмір сүрудің» екінші кезеңі басталды, ол уақытта құрылыста қолданыстағы және жаңа нормативтік базаларын қатар қолдану әрекетке енгізілетін болады.   

Осыған байланысты, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Еурокодтарға барабар ҚР ҚН EN құрылыс нормаларының негізгі әзірлеушісі ретінде 2015 жылдың мамыр айынан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Біліктілікті арттыру орталығының дерекқорында тіркелетін және Институттың ресми сайтында орналастырылатын сертификаттарды бере отырып, Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің, сәулет-құрылыс ЖОО-нің профессорлық-оқытушы құрамының және оқыту семинарларының оқытушыларынның  біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарларын жүргізіп жатыр.  

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Біліктілікті арттыру орталығы мына курстар бойынша оқытуды жүргізуді жалғастыруда:

  • Сейсмикаға төзімді құрылыстың негіздері;
  • Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салуда Еурокодтарға барабар ҚР ҚН EN құрылыс нормаларын қолдану.
  • Жаңа технологияларды қолдана отырып, құрылыстағы геодезиялық жұмыстар
  • Өндірістегі қауіпсіздік техникасы.
  • Ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйелері
  • Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу бойынша автоматтандырылған кешендермен жұмыс істеуге оқыту  (мысалы, ВК «ЛИРА-САПР 2014»).
  • Техникалық реттеу жүйесін реформалау шарттарындағы құрылыс саласының нормативтік базасы
  • Қазақстан Ресубликасының құрылыс саласындағы энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділік мәселелері.
  • Құрылыс құрылымдарының есептері (оның ішінде – соңғы элементтерінің әдісін іске асыратын бағдарламалар арқылы).

Оқыту мақсаты – ҚР сейсмикалық қауіпсіздігі жоғары аудандарда жұмыстарды іске асыру үшін құрылыс-монтаждау және жобалау ұйымдарының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және аттестациялау.

Оқыту аяқталғаннан соң «ҚазҚСҒЗИ» АҚ нәтижесінде аттестациялық куәліктер берілетін тыңдаушылардың аттестациясын жүргізеді. Аттестатталған тыңдаушылардың тізімі  Біліктілікті арттыру орталығының дерекқорында тіркеледі және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ресми сайтында орналастырылады.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Біліктілікті арттыру орталығына хабраласыңы: 8 (727) 392 74 66, 8 747 147 76 66 (Жанет)