Ішкі аудит қызметі – Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынышты және есеп беретін Қоғамдағы ішкі аудиттің ұйымдастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ететін Қоғамның органы болып табылады және Қоғамның ішкі бақылау жүйесіне тұрақты бақылау жүргізеді. Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Қоғамның Директорлар кеңесіне қауіптерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелік тәсіл енгізу арқылы Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну болып табылады.
Ішкі аудит қызметінің басшысы - Қойбағарова Ғалия Қыдырбайқызы
Ішкі аудит түсінігі:
Ішкі аудит – экономикалық субъектіде оның меншік иелерінің мүддесінде ұйымдастырылған және оның ішкі құжаттарымен регламенттелген бухгалтерлік есеп жүргізудің және ішкі бақылау жүйесінің қызмет ету жүйесінің белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалау жүйесі. Ішкі аудитке қажеттілік жоғарғы басшылық ұйымның және төменгі басқарма құрылымдардың қызметін күнделікті бақылаумен айналыспайтындығына байланысты ірі кәсіпорындарда туындайды. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат береді және менеджерлердің есептерінің нақтылығын растайды. Ішкі аудит негізінен ресурстардың шығындарын болдырмау және кәсіпорын ішінде қажетті өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажет. Ішкі аудиттің ерекшелігі шаруашылық операцияларды орындау және құжаттық ресімдеу кезінде жүзеге асырылатындығы, бұл жұмыстағы кемшіліктерді уақытылы анықтауға және олардың алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Ішкі аудиттің қызметтерін арнайы қызметтер немесе экономикалық субъектінің штатында тұрған жекелеген аудиторлар атқаруы мүмкін: тексеру комиссиялары, ревизорлар, ішкі аудиторлар, ішкі аудит мақсатында тартылған сыртқы аудиторлар, ішкі аудиторлар тобы.
Ішкі аудиттің қызметтері
Ішкі аудит жүзеге асырады:
1) Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін тексеру, олардың мониторингі және осы жүйелерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; 2) Бухгалтерлік және жедел ақпаратты тексеру, оның ішінде осындай ақпаратты сәйкестендіру, бағалау, жіктеу және оны есептіліктің негізінде құру үшін пайдаланылатын құралдар мен тәсілдерді сараптау, сондай-ақ есептіліктің жекелеген баптарын арнайы зерттеу, оның ішінде бухгалтерлік шоттар бойынша операцияларды, қалдықтарды егжей-тегжейлі тексеру; 3) Заңдардың және басқа да нормативтік актілердің, сондай-ақ есепке алу саясатының, нұсқаулықтардың талаптарының, басшылық пен меншік иелерінің шешімдері мен тапсырмаларының сақталуын тексеру; 4) Ішкі бақылау механизмінің тиімділігін бағалау, экономикалық субъектінің филиалдарында, құрылымдық бөлімшелеріндегі бақылау тексерістерін зерттеу және бағалау; 5) Жекелеген жағдайларды, мысалы теріс пайдалануға күмәндерді арнайы тергеу; 6) Анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды және басқарудың тиімділігін көтеру бойынша ұсынымдарды әзірлеу және ұсыну. Ішкі аудиттің міндеттері кәсіпорын бөлімшелерінің және жалпы кәсіпорынның басқару қажеттіліктеріне сүйене отырып басшылықпен анықталады: 1) Активтердің жай-күйін бақылау және шығындарды болдырмау; 2) Жүйе ішіндегі бақылау рәсімдерінің орындалуын растау; 3) Ішкі бақылау және ақпарат өңдеу жүйелерінің қызмет ету тиімділігін талдау; 4) Басқарушылық ақпараттық жүйемен берілетін ақпараттың сапасын бағалау.
Ішкі аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер.
Ішкі аудиттің әдістері кәсіпорын қызметінің өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметін олардың экономикасы мен қаржысының жай-күйін, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін, активтердің сақталуы мен міндеттемелердің қайтарылу уақытылылығын зерттеу, шаруашылық операциялардың заңдылығын, нақтылығын және мақсатқа сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды бухгалтерлік есептегі көрініс үшін негіз болып табылатын алғашқы құжаттармен ресімдеу мақсатында тексеру бойынша қаржылық, экономикалық, ұйымдастырушылық, жедел-техникалық және нақты тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қағида ретінде ресми сипатқа ие және ендігі ресімделген қаржылық есептілік бойынша жүргізілетін сыртқы аудитке қарағанда, кәсіпорындағы ішкі аудит жоспарлық, сондай-ақ күтпеген сипатқа ие болуы мүмкін. Сондықтан оған бақылаудың барлық үш сатысы да тән: алдын ала – шаруашылық операцияларды жүргізбес бұрын; ағымдағы – шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында және соңғы – оларды орындағаннан кейін. Аудиторлық дәлелдер алу үшін ішкі аудит жүргізу кезінде нақты бақылау (жаппай және таңдаулы түгендеу, тексеру, қарау, бақылаушылық өлшеулер, шикізатты бақылаушылық іске қосу, сараптама және зертханалық талдаулар), заңды тексеру және талдамалық рәсімдерді қолдана отырып құжаттық бақылау, салыстыру және теңестіру, кезікпе тексерулер, белгіленбеген міндеттемелердің шолуы, механикалық беріктікті растау, сұрау, тексеру, аудиторлық таңдау, сондай-ақ аудитордың қалауы бойынша тексерулердің басқа да әр түрлі тәсілдері мен әдістері.